Темекіден де қауіптірек: онколог қатерлі ісіктің негізгі себебін атады

Ешкім қатерлі ісікке шалдыққаны туралы естігісі келмейді. Өйткені бұл диагноз онкологияны емдеу саласындағы медицинаның барлық жетістігіне қарамастан, әлі күнге дейін қорқынышты үкім сияқты көрінеді. Бұл мәселеге кез келген адам жіберетін әрі өте жиі кездесетін қатенің "арқасында" тап болу қаупі барын білесіз бе? Сөз диета туралы болып отыр. Онколог Елизавета Васильеваның сөзінше, дұрыс тамақтанбау өте қауіпті, - деп хабарлайды Doctorpiter.

Васильеваның сөзінше, дұрыс жасалмаған мәзір қатерлі ісік ауруының пайда болуының басты себебі саналады. Түрлі зерттеулерге сәйкес ғалымдар дұрыс тамақтанбауды қатерлі ісік ауруының 35 пайыз себебі санайды, ал темекі шегу - 25 пайыз.

Бірқатар сусын мен өнім канцероген саналады, оларды жиі қолданған кезде қатерлі ісік ауруының ықтималдығы едәуір артады. Мысалы, мұндай сусындарға барлық ішімдікті жатқызуға болады. Адам жиі ішімдік ішсе, ол асқазан-ішек жолдары мен бауырдың қатерлі ісігіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Сонымен қатар, өңделген ет канцерогендерге жатады. Оған шұжықтар да жатады. Дәрігердің сөзінше, олар консерванттар мен бояғыштардың көмегімен дайындалады. Мұндай қоспалар колоректаль қатерлі ісік қаупіне әсер етеді. Статистикаға сәйкес, күн сайын шамамен 100 грамм өңделген ет жесе, тоқ ішек қатерлі ісігі қаупі 18 пайызға артады.

Бірақ кейбір өнімдер, керісінше, онкологияның ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Мысалы, D дәрумені тоқ ішек қатерлі ісігінен қорғайды, оның қорын толықтыру үшін теңіз өнімдерін, сүт, жұмыртқаны тұтыну керек. Сонымен қатар, дәрігер жоғары сапалы сүт өнімдері онкологиялық аурулардың, жатыр денесінің қатерлі ісігінің даму қаупін төмендететінін айтады.

Васильеваның айтуынша, артық салмақ сүт безі қатерлі ісігінің, эндометрияның, гормонға тәуелді ісіктердің және простата обырының даму ықтималдығын арттырады. Сондықтан таразыдағы санды тек сұлулық үшін бақыламау керек.

Дәрігер онкология әдетте бірден бірнеше факторға байланысты дамитынын жеткізді, оған генетикалық бейімділік, созылмалы аурулар, стресс, жаман әдеттер жатады.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанда 36 мың науқас қатерлі ісік диагнозына шалдыққанын біледі. Қазір 194 мыңнан аса онкопациент есепте тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!