Әлеуметтік желіге кіруді азайту денсаулыққа қалай әсер етеді?

Әлеуметтік желіге кіруді азайту денсаулыққа қалай әсер етеді?
Фото: elements.envato.com

Бохумдағы Рур университетінің зерттеушілері әлеуметтік желіде отыру уақытын азайту денсаулыққа психикалық тұрғыда қалай әсер ететінін анықтады. Зерттеу нәтижесі Journal of Public Health журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Тәжірибеге 642 ерікті қатысқан. Олар төрт топқа бөлініп, төрт апта бойы бақылауда болған. Бірінші топтағылар әлеуметтік желіде отыратын уақытын 30 минутқа қысқартқан. Екінші топ күніне 30 минут физикалық жаттығулармен айналысқан. Үшінші топтағыларға да бірінші және екінші топтағыдай жағдай жасалған, алайда олар әлеуметтік желіде отыру уақытын азайтуды сұраған. Төртінші топ та бақылауда болған. 

Нәтижесінде үшінші топтағы адамдардың психикалық жағдайы жақсы болып шыққан: олардың өмірге деген көзқарасы өзгеріп, депрессия симптомы азайған. Мұндай әсер алты айдан кейін де сақталған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина