Павлодар облысында 25 жастағы жұмысшыға бетон плита құлап, қаза болды

Павлодар облысында жұмысшы үстіне бетон плита құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 7 қыркүйекте сағат 12:21-де полицияға Павлодар облысы Ақсу ауданының Қалқаман ауылында болған жазатайым оқиға бойынша қоңырау түскен.

"Промышленная көшесі, 1 мекенжайы бойынша бір ЖШС-нің бетон плиталарды орнату кезінде 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған. Алған жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!