Мехико метросында Димаштың бейнебаяндары көрсетіліп жатыр

Мехиконың метросында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген бейнебаяны көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетіледі.

"Бейнебаян Димаштың Мексикадағы фан-клубының арқасында көрсетілді. Dears ең танымал телевизиялық желілердің бірі - Мехико қаласындағы метрода музыкалық бейнебаяндар мен мәдени жаңалықтарды орналастырумен айналысатын Isa TV-ге хабар тарату туралы өтініш жіберді.

Трансляцияның өтуі үшін Dears Isa TV ресми Instagram-аккаунтындағы посттың астына 2000 лайк жинау керек болды, Димаш шығармашылығының жанкүйерлері оған небәрі екі күннің ішінде қол жеткізді", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, Димаштың Fly Away әніне түсірілген бейнебаяны Мексика астанасындағы метроның 70 станциясында көрсетіледі. Метро - қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан туындыны 3 миллионға жуық адам көреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!