Жаңа iPhone 14 пен 14 plus таныстырылды

Жаңа iPhone 14 пен 14 plus таныстырылды

Жаңа iPhone 14 пен 14 plus таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Apple таныстырған жаңа iPhone 14-тің екі нұсқасы бар: 6,1 немесе 6,7 дюйм диагональды. Бұл жолы mini нұсқасы жоқ. 

Әзірге белгілісі:

Экран үлкейген;

OLED экран, жарығы - 1200 нит, Dolby Vision;

Чип - А15 Bionic

iPhone 14 спутникке қосылады. Компания iPhone 14-ке SOS жағдайында спутниктік желіге қосылуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламалық жасақтаманы әзірледі.

Егер сіз жүрген аймақта байланыс болмай қалса, телефонды спутникке қарай көтерсеңіз (гаджет қайда көтеру керегін көрсетеді) қысқа хабарлама немесе геолокацияңызды жібере аласыз. 

Жаңа iPhone 14-тің бағасы: 799 доллар (iPhone 14) мен 899 доллар (iPhone 14 plus) аралығында.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина