ШҚО-ның бес ауданында алапат өрт басылмай тұр

ШҚО-ның бес ауданында алапат өрт басылмай тұр
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысының бес ауданында алапат өрт әлі басылмай тұр. Өңірдегі өртке байланысты жағдайды бақылап қайтуға облыс басшысы Даниал Ахметов кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД өкілдері аймақта алапат өрт әлі басылмай тұрғанын растады. 

"Алтай ауданында өрт сейілмей тұр. Аймақта 700 гектар жерде жалын от басылмай тұр, Күршім ауданында 1300 гектар, Қатон-Қарағай ауданында 500 гектар жерді алапат өрт басып жатыр. Одан бөлек, Глубоковкий ауданы мен Ахмир әскери полигоны да зардап шекті. Өртті сөндіруге ауа райы кедергі болып отыр: аптап пен жел. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ведомство өкілдері.  

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да өртке байланысты ауыл тұрғындары эвакуациялана бастағаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина