TikTok-та кофемен бас жуатын тренд пайда болды: бұл қауіпті ме?

TikTok-та кофемен бас жуатын тренд пайда болды: бұл қауіпті ме?

TikTok желісінде жұмсақ әрі тегіс шаш үшін кофемен шашын жуатындардың видеосы тарады. Бұл туралы трихолог, шашты қалпына келтіру клиникасының негізін қалаушы Симон Томас айтты. Ол The Mirror басылымына берген сұхбаты барысында бас жууға қатысты танымал лайфхакты сарапқа салды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұл сараптамаға себеп TikTok желісіндегі @anneli.bv есімді қолданушының танымал ролигі болған. Онда Анна есімді қыз сусабынға еритін кофе қосып, түйіршіктер бас терісінің өлі қабатынан арылуға көмектесетінін жеткізеді. Оның айтуынша, бұл шаш өсуіне де ықпал етеді.

@anneli.bv Try it! ? #haircare #hairtok #shampooandconditioner ♬ Did to me - maestheix

Томас бұл лайфхак жүзеге аспайтынын атап өтті.

"Кофеин бас терісіне тітіркендіргіш әсер етеді, оның қан айналымына да әсері бар. Бірақ сусабынға кофе қосу арқылы шаш жұмсақ әрі тегіс болмайды", - деді трихолог.

Маман шаш сапасын жақсарту үшін диета мен күнделікті режимді қайта қарау керегін айтты.

"Дұрыс тамақтану, жеткілікті мөлшерде су ішу, спортпен шұғылдану және өз-өзін күту - әдемі шаш кепілі", - деп түйіндеді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова