Алматыда ағаштарды өртеген адам кім екені белгілі болды

Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданындағы өрт орнында күдікті ер адам анықталды.

Бұл - 1968 жылы туған ер адам. Ол от жаққанын мойындады.

Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталатын болатынын айтты.

Еске салайық, кеше, 6 қыркүйекте Алматыдағы "Көк Төбе" маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тараған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!