"48 келі". Айжан Байзақова денсаулығы сыр бергенін айтты

Танымал блогер Айжан Байзақова денсаулығы күрт нашарлағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы блогер Instagram желісіндегі парақшасында айтты. Айжанның сөзінше, тәбеті болмай, азып кеткен. 

"Бәріне сәлем, білемін, бәрі мен жоқ болып кеткеніме уайымдап кетті. Екі күнге Instagram, WhatsApp-ты өшіріп тастадым. Жағдайым күрт нашарлап кетті. 48 келіге дейін азып кеттім. Тамақ іше алмаймын, тәбетім жоқ. Салмақ қоса бастаймын деп үміттенемін", - дейді Айжан. 

Осылайша ол емделуді қолға алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!