"Апатайды ұрма". Tойда жездесіне тілек айтқан баланың видеосы Қазнетті сүйсіндірді

"Апатайды ұрма". Tойда жездесіне тілек айтқан баланың видеосы Қазнетті сүйсіндірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде кішкентай баланың тойда әпкесі мен жездесіне тілек айтқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодағы бала жездесіне әпкесін ұрмауын айтады. TikTok-та тараған бұл қызық видео 244 мыңнан аса қаралым жинаған, сондай-ақ, үш мыңға жуық пікір жазылған.

"Жезде, сен апатайды ұрма. Сосын апатайдан көп нәрсе сұрама, түсіндің бе? Апатай саған робот емес жасайтын. Сосын апатай өзі біледі не істейтінін, түсіндің бе?" - дейді видеодағы кішкентай бала.

@aibek_studio #қазақтыңтойыбітпесін #той #ұзату #aibekstudio #атырау #прикол #жезде #атырау ♬ оригинальный звук - aibek_studio

Желі қолданушылары кішкентай баланың сөйлеген сөзіне тәнті болған.

"Осындай інім болса ғой", "Жездең түсінді-ау деймін", "Інісі бардың тынысы бар, балам, аман бол", "Жарайсың", "Сондай ақылды әрі қамқор", - деп жазған пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова