Жүргізуші далаға "өрт қойып жүрген" адамды ұстап алды - видео

Журналист Ирина Советжанқызы Facebook желісіндегі парақшасында белгісіз біреудің өрт қойып жатқан видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистің сөзінше, видео Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы Еңбекшіарал ауылында түсірілген. Жүргізуші қасақана өрт қойып жүрген адамның түрін видеоға түсірген.

Жүргізуші қасында әйелі болғандықтан қауіпсіздігіне алаңдап, күдіктіні ұстай алмаған. Видеода әйелі екеуі жол бойы от қойылған жерлердің өртін өшіріп жүр.

"Түрі видеоға түсіп қалған адамды шұғыл тауып, қасақана әрекеті сұрауға алынуы керек", - деді журналист. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!