Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте өз қызын сабаған ер адамның видеосы тарады

Нұр-Сұлтанда тапа-тал түсте өз қызын сабаған ер адамның видеосы тарады
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде қала орталығында жұрттың көзінше қызды соққыға жыққан елорда тұрғынының видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео ZTB Telegram-арнасында жарияланған. Кадрлардан ер адам қызды ұрғанын, кейін олар көлікке отырғаны көрінеді.

Нұр-Cұлтан Полиция департаменті өкілі оқиға туралы хабарлама 6 қыркүйекте сағат 12:47-де келіп түскенін айтты. 

"Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізді. Жанжал әкесі мен қызы арасында болғаны анықталды. Тараптар арыз жазудан бас тартты. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді полицейлер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова