"Соңғы жекпе-жегі шығар". Головкин - Канело трилогиясына күтпеген болжам айтылды

"Соңғы жекпе-жегі шығар". Головкин - Канело трилогиясына күтпеген болжам айтылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген француз боксшысы Кристиан Мбилли (21-0, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке болжам жасады, - деп хабарлайды Ringtv.com.

Француз Канелоны трилогияның фавориті санайды және ол да мексикалықпен жұдырықтасуға ниетті.

"Келесі жылы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуға мүмкіндік аламын деп үміттенемін. Менің ойымша, Канело Головкинді оңай жеңеді. Головкин қартайды. Мен оның кейінгі жекпе-жегін көрдім, жылдамдығы жоқ, ал Канело - дәл қазір ең үздік боксшы. Бұл Головкиннің соңғы жекпе-жегі шығар", - деді Мбилли.

Еске салайық, Головкин мен Канело үшінші жекпе-жегін 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өткізеді. Олардың екі жекпе-жегі де сонда өткен. Біріншісі тең аяқталса, екіншісінде мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш