Өзбекстан президенті Қазақстанға көмектесуге дайын екенін айтты

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев 6 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Әңгімелесу барысында Мирзиеев Тоқаевқа Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты қолдау білдіруге дайын екенін айтып, төтенше жағдайды шешуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

Президенттер Өзбекстан мен Қазақстан тату көршілік қарым-қатынасын одан әрі нығайтудың, стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында кооперация жобаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!