Нұр-Сұлтан әуежайының басшысы қызметінен босатылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ғабит Тәжімұратовтың "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы лауазымындағы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жалғыз акционер - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен 2022 жылғы 6 қыркүйекте "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Тәжімұратов Ғабит Қалиұлының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген хабарламада. 

Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып басқарма төрағасының орынбасары Мұхиден Әбілдинов тағайындалды.

Кадрлық шешімнің себептері министрлікте хабарланған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!