Алматыдағы "Көк Төбе" телемұнарасының маңындағы өрт видеоға түсірілді

Алматыдағы "Көк Төбе" телемұнарасының маңындағы өрт видеоға түсірілді

Алматыдағы "Көк Төбе" телемұнарасының маңындағы өрт видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖ департаментінің мәліметінше, тау бөктерінде өрт шыққан. 

"18.56-да Кеңсай бөктеріндегі шөптің өртенуін жойғанда, сағат 18:58-де өрт сөндіру жасағы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78-үйдің маңындағы жоғары дәрежелі шақырту бойынша апат орнына аттанды", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

6 қыркүйекте таңертең Кеңсай-1 ықшамауданының тұрғындары өз үйлерінің маңында түтінді байқап, өрт сөндіру қызметін шақырған. Сөйтсек, ол жерде өлі шөп өртеніп, от баяу тұрғын үйлерге жақындапты. Алматы ТЖД хабарына қарағанда, мұнда шөп жанған. Өртті сөндіру 100-ден астам адам тартылды. Кешке қарай оттың жеке тұрғын үй секторына көшу қаупі жойылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY KRIS P|21+ (@almaty_kris_p)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS | P | ALMATY (@kris.p.almata)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Құлтай