Павлодарда тоғыз жылқыны пойыз басып кетті

Павлодарда тоғыз жылқыны пойыз басып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, жылқыларды жүк пойызы Ерейментау - Қоржынкөл, Жолқұдық - БП-434 және Грэс-1 - Грэс-2 аралықтарында қағып кеткен. Пойыз машинистері соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеу қолданған, бірақ соқтығысудың алдын алу мүмкін болмаған. Пойыздың жоспарланбаған тұрағы 1 сағат 20 минут болды.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иелерін анықтады. Олардың барлығы Павлодар облысының тұрғындары. Осы дерек бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік полицейлері мал иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да еске салып, теміржолдардың жанында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!