Қарағандылық әйел бұрынғы күйеуі "педофил" деп хабар таратқан

Қарағандылық әйел бұрынғы күйеуі "педофил" деп хабар таратқан

Қарағандылық әйел бұрынғы күйеуіне "педофил" деп жала жапқан, - деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйекте Қарағанды қаласында бір танымал пабликте көпқабатты үйлердің кіреберіс есіктерінде белгісіз әйел хабарландыру іліп қойғаны туралы хабарлама пайда болды. Хабарламада педофилді ұстау туралы жазылған мәтін және орта жастағы ер адамның суреті бар. Басылымға қала мен облыстың жедел қызметтері жедел жауап берді. Олар фотода бейнеленген ер адаммен бірге 27 жастағы әйелдің бұрын үйленген және баласы бар екенін анықтады. Ажырасқаннан кейін бала әкесінің қамқорлығында қалған. Әйел адам өзінің ата-аналық құқығын есіне түсіріп, қызын осылайша, қайтаруға шешім қабылдаған.

Оқиға бойынша тәртіп бұзушыға шара қолдану туралы арыз түскен.

"Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін (Жала жапқаны) ҚР ҚК 73-3-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз", - деді полиция өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина