Қостанай облысындағы өрт: көмекті қайда жіберуге болады?

Қостанай облысындағы өрт: көмекті қайда жіберуге болады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында бірнеше күн бойы алапат өрт болғаны белгілі. 6 қыркүйек сағат 08.00-гі жедел ақпарат бойынша, елді мекендерге төнген қауіп жоқ. Сондай-ақ, жанып жатқан учаскелер де жоқ, тек қалған от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт салдарынан барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен, 85 үй Аманқарағай ауылында және 6 үй Озерный ауылында. Massaget.kz осы оқиғадан зардап шеккен қостанайлықтарға қалай көмектесуге болатынын ұсынады.

Бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы көмек көрсету акциясын ұйымдастыратынын жариялаған болатын. Зардап шеккен азаматтардың үйлерін, киімдерін қалпына келтіру қажет. ҚХА мәліметінше, зардап шеккендер үшін ашылған шотқа (8 747 482 64 49) қаражат жинауға басымдық берілген. 

Гуманитарлық көмек (киім, азық-түлік, гигиена құралдары, төсек-орын) жинау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 - Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысы.

Сонымен қатар, Amanat партиясы "Қайырымдылық KZ" қоғамдық қорын Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсететін бірыңғай қор ретінде белгілеген болатын.

Қор деректері:

БИН 220640046689
ИИК KZ82601 A22100 1568 401
"Қазақстан Халық Банкі" АҚ
БИК HSBKKZKX
Кбе 18

Сондай-ақ, республика бойынша партияның облыстық филиалдары жанынан гуманитарлық көмек қабылдайтын пункттер ашылған. Пункттерде азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар, тұрмыстық техника және т.б. қабылданады. Филиалдардың мекенжайын мына жерден білуге болады.

Нұрсұлтандықтар қалай көмек жібере алады?

Нұр-Сұлтан қаласында Бауыржан Момышұлы даңғылы, 24/9 мекенжайы бойынша көмек жинау ұйымдастырылған. Ұйымдастырушыларға мына телефондар арқылы хабарласуға болады: + 7 702 481 20 38, +7 701 466 03 45.

Алматылықтар қалай көмек жібере алады?

Алматыда әкімдік көмек жинауға Байтұрсынов көшесі, 22, 1-пәтер мекенжайы бойынша Depo Evolutions Park штабын анықтаған. Мұнда азық-түлік, ұзақ сақтауға арналған өнімдер, дәрі-дәрмек, гигиеналық құралдар, киім-кешек пен төсек-орын жабдықтары жиналады. Көмектескісі келетіндер, ерікті боламын немесе азық-түлікпен көмектесемін деушілер, Алматы қаласы бойынша волонтерлар фронт-офисінің басшысы Нұрсұлтан Болатұлына + 8 707 438 77 33 телефоны арқылы хабарласа алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова