Ерке Есмахан кір жуатынын айтып, анасы мен жеңгесін күлдірді

Ерке Есмахан кір жуатынын айтып, анасы мен жеңгесін күлдірді

Танымал әнші Ерке Есмахан кір жуып, үй жинайтынын айтып анасы мен жеңгесін күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны әнші Instagram желісіндегі парақшасында жүктеген. Айта кетейік, видео жазда түсірілген. 

@bloggers_kz_2022 ??❤️ #erkeesmahan #пранкнадмамой #recommendations #almaty #kazakhstan #пранк #алматы #казахстан #еркеесмахан #еркесторис ♬ оригинальный звук - Сторисы блоггеров

"Достар, жаңалықтарда "Ерке Есмахан дым істемейді екен үйінде, үй шаруасына жоқ екен" деп жүр ғой. Бірақ мен негізі, сіздерге көрсетпеймін ғой. Негізі, мен таңғы алтыда тұрамын, үй жинаймын да тамақ істеймін. Кір жуамын, кешегі жиналып қалған кірлерді қолмен жуамын. Анамның киімдерін жуамын, жеңгелеріме көмектесемін", - дейді әнші. 

Одан бөлек, Ерке анасы мен жеңгесінен даусын шығармай күлуді сұрап, ол видео түсіріп жатқанын айтып әзілдейді. 

"Достар, ыдыс жуғанды жақсы көремін. Жеңгелеріме "ыдыстарды қоя салыңдар, келгеннен кейін өзім жуып тастаймын" деп айтамын. Сосын анда-санда су шашып, ауланы сыпырамын. Анамның орамалдарын кестелеп тігемін моншақтап. Негізі, қолөнерді жақсы көремін", - деп әзілдейді әнші. 

Желі қолданушылары мұның әзіл екенін түсінген. 

"Екі апам күлкіден өлді-ау", "Анасы ұялып, күлкіден жарылайын деп отыр", "Күлгендеріне қарағанда түк істемейтін сияқтысың ғой", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина