Желіні "жарып жатқан" Nooran Sisters кімдер?

Желіде Nooran Sisters атты топтың әніне түсірілген видеолар тарап жатыр. Massaget.kz тілшісі Nooran Sisters тобы кім және олар қайдан шыққанына шолу жасады.

TikTok желісінде тараған видеоларда Nooran Sisters тобының әндері кең тарағанын байқауға болады. Желідегілер әлемнің түкпір-түкпірінен олардың әндеріне әртүрлі бағытта видео түсірген.

@_hanan_swn Ali song ? @alinaaaaa @riyaaaaaa #fy #fyp #foryou #nooransisters #dance ♬ Nooran Sisters DRILL REMIX Prod. Philemon - philemon454???
@merrickhanna I’m digging this Indian remix! Tag dance choreo in comments please! (@Vapor95 ♬ Patakha Guddi - Nooran Sisters Drill Remix - Dante9k
@chadjones957 All Knees ! ?? dc: @nurcinaleyna #uJonesFam #trend #drill #remix #dance #family #fyp #fyp #familytok #letsgo #nooransisters #tiktoksa #southafrica #Dad #Mum ♬ Nooran Sisters DRILL REMIX Prod. Philemon - philemon454???

Украиналық әскерилер түсірген осындай видеолардың бірі 5 миллионнан аса қаралым жинаған.

@ghost.charly #army #soldier #україна #?? #easthetic #nooransisters ♬ оригинальный звук - ??

Бұл әнге қазақстандықтар да видео түсірген. Белгілі әншілер Бүркіт пен Аиша түсірген видео 43 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Концертке қызу дайындық жүріп жатыр", - деп жазған Бүркіт видеоға әзілдеп.

Желіде тараған видеоларда екі қыздың айғайлап ән айтатыны көрінеді. Сондай-ақ, ән орындау кезінде ерекше қимылдар жасап, бастарын шайқап, қол соғады. YouTube желісінде олар өнер көрсеткен видеолар көп қаралым жинаған. Мәселен, woow_ tv YouTube-арнасында жарияланға бір видеосы 3 миллион 800 мың рет қаралған.

Ал Nooran Sisters-тің 2019 жылғы Lakh Data Peer Ropar фестивалінде орындаған әні түсірілген видео 4 миллионнан аса қаралым жинаған.

Nooran Sisters деген кімдер?

Ашық дереккөз мәліметіне сүйенсек, Nooran Sisters - Сұлтан Нұран және Джиоти Нұран, Үндістанның Хошиарпур қаласынан шыққан сопылық діни ән дуэті. Олар сопы музыканттар отбасында дүниеге келген. Nooran Sisters дуэті Sham Chaurasia gharana классикалық музыкасын орындайды.

Сурет: видеодан алынған кадр

Олар 2012 жылы MTV India телеарнасының MTV Sound Trippin атты телебағдарламасында Tung Tung әнімен танылған, ал 2015 жылы ол ән Singh is Bling атты Болливуд фильміне саундтрек ретінде қолданылған.

Олар Yaar Gariban Da атты алғашқы альбомын 2015 жылы шығарған. Сонымен қатар, сол жылы Highway фильміндегі Patakha Guddі әні үшін алғашқы үлкен марапатқа ие болған.

Sham Chaurasia gharana деген не?

Nooran Sisters тобы орындайтын Sham Chaurasia стилі - үнді классикалық музыкасындағы гхарана (отбасылық ән айту стилі). Ол бүгінгі күнге дейін ағайынды Саламат пен Назакат Али Хан арқылы жеткен.

Сурет: last.fm 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!