Хабар кеш келген - ТЖМ Қостанай облысындағы өрт туралы

Хабар кеш келген - ТЖМ Қостанай облысындағы өрт туралы

Қостанай облысындағы орман өрті туралы хабар кеш келген. Бұл туралы төтенше жағдай министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖ министрінің мәліметінше, үлкен аумақта өрттің таралуына жел себеп болған. 

"Орман өрті туралы хабар кеш келгенімен келісемін. Шамамен 20 шақырым жерде болған. Бірден бірнеше шақырымда өрт тұтанған. Үлкен аумақта өрттің таралуы секундына 25 метрге дейін жетіп, жел басталған. Салдарынан жердегі қызметтермен сөндіру мүмкін болмайтындай өрт басталып кетті", - дейді Ильин.

Бүгінде өрт әзірге сөндірілмеді. Министрдің айтуынша, өртті сөндіруге техника жеткілікті: шамамен 250 техника бар. Өртті сөндірумен екі мыңға жуық адам айналысып жатыр.   

"Шамамен өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Ол тек орман аймағы емес: егістік жерлер, жалпы пайдалану орындары мен жайылымдар да бар", - деді ТЖ министрі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина