Тоқаев көмек сұраған қостанайлықты тыңдап, мәселесін шешіп беруге уәде етті

Тоқаев көмек сұраған қостанайлықты тыңдап, мәселесін шешіп беруге уәде етті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы жұмыс сапары кезінде ауыл азаматтарымен кездесіп, тұрғындардың арыз-тілегін тыңдады. Тұрғындардың бірі Қостанайдағы үйінен айырылып қалғанын айтып, Президенттен көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы ер адаммен дұрыстап сөйлесу үшін күзетшісін шетке итеріп жіберді.

"Қостанай қаласының әкімдігі арқылы үйімізді жалған құжатпен сатып жіберген. Бірінші қалалық сотқа, одан кейін облыстық сотқа жүгіндік. Сот тіпті мәселенің анық-қанығын таразылаған да жоқ. Жоғарғы сотқа жүгініп едік, өтінішті қабылдаған жоқ. Көмектесуіңізді өтінемін", - деді тұрғын.

Тұрғынның айтуынша, үйдің шынайы құжаты өзінің қолында. Президент бұл істің анық-қанығын біліп, азаматтың мәселесін шешіп беруге уәде етті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова