Желіде құпия жобаның сынақтары басталды деген жалған ақпарат тарады

Қазнетте NASA-ның Blue Beam атты аса құпия жобасы бары туралы конспирологиялық теорияның тағы бір "дәлелі" тарады. Бұл жолы Желі қолданушылары лазерлердің жұмысы деп ойлаған ерекше метеорологиялық құбылыстың видеосын жариялап жатыр, - деп хабарлайды Stopfake.kz

Желіде тараған кадрларда аспанда бұлттар арасында көрінген ерекше мөлдір қызғылт нысан бейнеленген. Суреттерде кері іздеуге арналған құралдар қолданылғаны, кадрлар 2019 жылдың 31 қазанында Тунапуна және Тринидад қалаларында түсірілгені анықталды.

Ерекше құбылыс елді мекен тұрғындарын алаңдатқан. Кейбіреулер қызғылт заттың пайда болуына қатысты өз теорияларын алға тартқан: біреулер оны "аспандағы жанартау" десе, басқалары бұл өзге ғаламшарлықтар келуінің белгісі деп ойлаған.

Басылым мәліметінше, мұндай ерекше құбылысты түсіндіруге болады. DailyStar порталының ақпараты бойынша, бұл - бұлттар иризациясы туралы теория.

Бұл - өте сирек кездесетін құбылыс, онда Күнге жақын орналасқан өте жұқа бұлттар спектрлік түске боялады. Көбіне мұндай бұлттар түрлі-түсті болады, бірақ кейде олар қызғылт түстің әртүрлі реңктеріне боялады. 2019 жылдың желтоқсанында Сібірде ерекше табиғи құбылыс суретке түсірілген. 2021 жылдың наурызында Челябі тұрғындары бұлттар иризациясын байқаған.

Blue Beam жобасы - NASA-ның нақты жоспарлары емес, қастандық теориясы. Жоба мәні - әлемде проекторлар орнатылып, бір сәтте іске қосылып, аспанда құтқарушының проекциясы жасалады, бұл адамдар арасында дүрбелең тудырып, оларды еркіне қарсы құлдыққа алады. Мұндай жағдай әлемнің бір бөлігінде болып жатқанына дәлел жоқ. Ал Пойнтер институтының мамандары жобаның бары туралы теорияны жоққа шығарды. 

Демек, таралған ақпарат - фейк. Видеода аса құпия видеопроекторлардың жұмысының нәтижесі емес, ерекше табиғи құбылыс көрсетілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!