"40 адам". Алматыда жезөкшелікпен айналысуға арналған 4 притон әшкереленді

Алматы полицейлері қала орталығында жезөкшелікпен айналысуға арналған 4 притонды анықтады. Барлығы 40 адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Притонның барлығы қарапайым коттедждер сияқты көрінген. Алайда онда интим қызметтері көрсетілген.

"Іс жүзінде олай емес. Мұнда түнгі өмір қызу жүріп жатыр: өздерін массаж шебері ретінде таныстыратын қыздар клиенттеріне интим қызмет көрсеткен. Осы рейдтің нәтижесінде 40 адам ұсталды. Олардың әрқайсысының жеке басы кез келген қылмысқа немесе құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоғы біздің жазбаларымызға сәйкес тексерілді. Оларға ҚР ӘҚбК-нің 449-бабына және ҚР ӘҚбК-нің 492-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Ал жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынғаны үшін мекеме қожайындары ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес жауапқа тартылды", - дейді Медеу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Сонымен қатар, аудандық бөлім басшысы демалыс күндері полиция қызметкерлері ойын-сауық мекемелерінде кальян шегу деректерін де тексергенін айтты. 57 заңбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!