Үндістанда 50-ге жуық адам отырған аттракцион құлады

Үндістанда 50-ге жуық адам отырған аттракцион құлады

Үндістанда ішінде адам отырған аттракцион 15 метр биіктен құлады. Оқиға салдарынан көп адам жарақат алған, 16-сы ауруханаға жеткізілген. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Dainik Jagran.

Оқиға Мохали қаласындағы (Пенджаб штабы) ойын-сауық саябағында болған. Еркін құлаған секілді әсер сыйлайтын аттракцион тоқтамаған, осылайша, адамдармен бірге жерге құлаған.

БАҚ мәліметінше, шамамен 50 адам жараланған. Олардың 16-сы ауыр жарақатпен ауруханаға шұғыл жеткізілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова