Семейлік жігіт ескі көлігімен жол апатына түскен қарияға темір тұлпар сыйлады

Семейлік жігіт ескі көлігімен жол апатына түскен қарияға темір тұлпар сыйлады

Жол апатына түскен павлодарлық қарияға Семейден көлік жеткізілді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, Семейден уәде етілген ақ "Запорожец" жеткізілгені туралы көлік иесі Асылбек Андабаевтың өзі хабарлаған.

"Әлеуметтік желілерде "Запорожец" көлігі мен жол апатына ұшырап, жылап тұрған қарияны көргенде гаражымда тұрған дәл қариянікіндей, 1982 жылы шыққан көлігімді беруді шештім. Істен шықпаған, жүріп тұр. Техникалық байқаудан өткен, сақтандыруы да бар. Барлық құжатты кілттермен бірге бүгін Ефим Никитичке тапсырдым", - дейді ер адам.

Мұндай сыйға ие болған зейнеткер көлік иесі Асылбек Андабаевқа алғыс айтып, жолда абайлап жүруге уәде берді.

Еске салайық, Желіде "Запорожецтің" жанында Toyota көлігімен соқтығысып, көңілі түсіп кеткен 85 жастағы қариянының видеосы тараған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова