Блогер Ресей мен Қазақстанның 6 айырмашылығын айтты

Ресейлік блогер Қазақстандағы артықшылықтарды айтып, желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та BazylevTV парақшасында Ресей мен Қазақстанның айырмашылығы айтылған видео жарияланды. Видеода блогер екі ел арасындағы басты 6 айырмашылыққа тоқталады. Видео 500 мың қаралым, 65 мың лайк жинаған.  

"Қазақстанда тұрып жатқаныма 8 ай болды. Қазақстан мен Ресей арасында бірнеше айырмашылық байқадым. Біріншіден, қазақтар позитив ойлайды. Арбатта жүріп келе жатқанда, 85 пайыз адамның жай күліп тұрғанын көргендім. Екіншіден, қазақстандықтар жай "пипылдатқанды" ұнатады. Ал Ресейде бірден жанжал шығарғысы келіп тұр деп ойлар еді. Үшіншіден, көп қазақ уақытылы жүрмейді. Мысалы, "алтыға келістік пе, демек, жеті не сегіз ғой" деген пікірді көп естідім. Төртіншіден, мұнда нәсілшілдік не орыстарға қысым көрсету деген мүлде жоқ. "Келіп алыпты" дегенді мүлде етімедім. Желіде солай айтып жүргенін естісеңіз, бәрі бос сөз. Бесіншіден, есімдерді дұрыс айту маңызды. Мысалы, Президент Тоқаевтың тегін Такаев емес, Тоқаев деп айту керек. Қалай жазылса, солай айту керек. Алтыншы, елдегі негізгі валюта – теңге, тэнге емес", - дейді болгер видеода. 

Желі қолданушылары блогерге сөздерді дұрыс айтқанына алғыс айтып, оны қолдап, пікір қалдырған. 

"Тоқаев пен теңге үшін рақмет", "Қазір ғой халқымыз ашушаң болып кеткені, әйтпесе бәрі күліп жүреді", "Қазақтар ақкөңіл, мақтаса, барын беретін халық", "Теңге деген құлаққа жағымды естіледі екен", "Оған қоса, Қазақстанда бәрі қонақжай", "Жарайсың", - деп пікір қалдырған желі қолданушылар. 

@bazylevtv Кстати: я временно переехал в Казахстана ещё до всех мировых событий. Мне захотелось пожитв другой стране рядом с горами. Потом может ещё в других странах поживу, но пока тут. В Россию тоже вернусь, ведь там мой дом, родители и друзья?#казахстан #kazakhstan #kz #алматы ♬ Chill Vibes - Tollan Kim

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!