Қостанай облысында өртсөндірушілер ауыл тұрғынын құтқарған сәттің видеосын көрсетті

Қостанай облысында табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған өртсөндірушілер жалын шарпыған ауыл тұрғынын құтқарған сәтті видеоға түсірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адам құлыптаулы үйде қалып қойған. Кадрлардан өртсөндірушілер арқан көмегімен үйдің терезесін сындырып, содан кейін адамды сыртқа шығаратыны көрінеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!