Шенеуніктер Тоқаевқа Қостанай облысындағы өрт бойынша есеп берді

Шенеуніктер Тоқаевқа Қостанай облысындағы өрт бойынша есеп берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Барлық мемлекеттік органның жұмысын Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов үйлестіреді. Олар Мемлекет басшысына өртті ауыздықтау және елді мекендерден азаматтарды эвакуациялау бойынша қабылданған шаралар туралы жедел баяндап отыр.

Президент азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өртті сөндіру шараларына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина