Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2 қыркүйек сағат 20:00 шамасында 102 кезекші пультіне "Шетпе – Жетібай" тасжолының 112/117 шақырымындағы жол апаты туралы шақырту түсті. ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып келе жатқанда қарсы қозғалыс жолағына шығып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова