Айжан Байзақоваға белгісіз ер адам шабуыл жасады

Қазақстанның танымал блогері, атышулы Айжан Байзақоваға жақында белгісіз ер адам шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, ол өзінің автокөлігінің ішінде алаңсыз отырған. Бір кезде белгісіз ер адам оның көлігінің алдыңғы есігіне жүгіріп келіп, бар күшімен терезесін қағып, есігін жұлқи бастаған. Ер адамның бұл әрекетінен қатты қорыққан Байзақова бірден полиция шақыртқан.

Ал ол жігіт Айжанмен суретке түскісі келген фанаты екен.

"Мен сіздер ойлағандай "жұлдыз" емеспін. Егер жаныма ақырын келіп "сізбен суретке түсуге бола ма?" деп сұраса, бірден келісемін. Ал әй-шәй жоқ жаныма жетіп келіп, бір түрлі әрекеттер жасаса әрине қорқып қаламын", - дейді Айжан Байзақова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!