"Ғасыр келісімі". Роналду ешкім күтпеген клубқа ауысуы мүмкін

"Ғасыр келісімі". Роналду ешкім күтпеген клубқа ауысуы мүмкін
Фото: Reuters

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду түркиялық "Фенербахче" сапына ауысуы мүмкін, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Осы ақпаратқа сенсек, екі тарап келісімге келген. Инсайдерлердің айтуынша, "Фенербахче" барлық мүмкіндігін пайдаланып, "ғасыр келісімін" жасап, футбол жұлдызын өз сапына қосу үшін барын салған.

Еске салайық, бұған дейін Роналду италиялық "Наполиге" ауысуы ықтимал деген ақпарат тараған еді. Сонымен қатар, "МЮ" жаттықтырушысы Эрик тен Хаг көпшілік алдында Криштиану команда сапында қысқа дейін болатынын жеткізген болатын.

Айта кетейік, Роналду "Манчестер Юнайтед" сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетеді. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған. Бұған дейін БАҚ оның командадан кететін уақыты жақындады деп жазған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш