Несие тарихын қалай тексеруге болады?

Несие тарихын қалай тексеруге болады?
Фото: elements.envato.com

Несие тарихыңызды бірнеше жолмен біле аласыз. Оны жылына бір рет тегін тексеруге болады. Бір жыл ішінде қайта сұрау құны - 400 теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

EL.INFO Telegram-парақшасында несие тарихын білудің оңай бірнеше жолы көрсетілген. 

"Несие тарихы алғашқы ресімделген банк кредитінен кейін қалыптаса бастайды. Осы құжат негізінде банктер мен микрокредит ұйымдары алдында несие тарихыңыз көрінеді", - делінген хабарламада.  

 Несие тарихын мына жолдармен тексеруге болады: 

  • кредит бюросының сайты немесе 1CB.kz мобильді қосымшасы арқылы; 
  • E-gov порталында дербес несие есебін алу онлайн қызметі арқылы;
  • "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалдары арқылы;
  • "Қазпошта" АҚ бөлімшелері арқылы. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек