Меруерт Түсіпбаева мектептегі қызық оқиғасын бөлісті

Меруерт Түсіпбаева мектептегі қызық оқиғасын бөлісті

Меруерт Түсіпбаева "Таңшолпан" бағдарламасында мектепте болған қызық оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Меруерт Түсіпбаева "Таңшолпан" бағдарламасында мектептегі қызық оқиғасын бөлісті. Математика сабағында қыздармен келісіп, мұғалім сыныпқа кіргенде тұрмай қойған. Ал әншінің анасы Рымкеш Төлегенқызы 35 жыл бойы мектепте бастауыш мұғалімі болған. 

"Анам мектепте мұғалім болып істеді, сондықтан біз әрқашан үлгілі болуға тырысатынбыз. 13-14 жасымда математика пәні кезінде анама сабақ берген Қабдолла Қалиұлы деген ұстаз сыныпқа кіргенде орнымыздан тұрмай қойдық. Қыздармен алдын ала келісіп алғанбыз. Ол үлкен дауға айналып, мектепке анам келді. Басымнан бір ұрды. Анам өмірінде ең бірінші рет, ең соңғы рет қол көтерді. Сол кезде сондай стресс алып, өмір бойы есімде қалды", - дейді Меруерт Түсіпбаева.

Әнші мектепте екінші рет мұндай қылық жасамай, өмір бойына сабақ алғанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек