Балалар үйі тәрбиеленушілерінің соққыға жығылуы: полиция тергеуді бастады

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің соққыға жығылуы: полиция тергеуді бастады

Алматы облысының полициясы ерлі-зайыпты балалар үйі тәрбиеленушілерін соққыға жыққан видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция мәліметінше, 27 тамызда Іле ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарына отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушілерінің соққыға жығылғаны туралы ақпарат түскен.

"Осы ақпарат бойынша ювеналды полиция қызметкерлері аудан әкімдігі мамандарымен бірлесіп, тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәрбиеленушілер біраз уақытқа "Солнышко" балалар үйіне тапсырылды", - деді ведомствоның баспасөз хатшысы.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабында көзделген дерек бойынша жиналған материал сот қарауына жіберілген. Балаларды одан әрі қорғаншылыққа алу немесе одан айыру туралы шешімді арнайы құрылған комиссия қабылдайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова