Ғалымдар инсультке бейім қан тобын анықтады

Ғалымдар инсультке бейім қан тобын анықтады

Мэриленд университетінің медицина (UMSOM) мамандары қай қан тобының тасымалдаушылары басқаларға қарағанда ерте инсультке шалдығатынын анықтады, - деп хабарлайды Ienta.ru басылымы.

Басылым мәліметінше, ғалымдар 60 жасқа дейінгі адамдарда қан айналымының бұзылуынан туындаған ишемиялық инсульт туралы 48 зерттеуге мета-талдау жүргізген.

Зерттеу барысында инсультпен ауырған 17 000 пациенттің және бұл аурумен ешқашан ауырмаған 600 000 сау адамның деректері зерттелген. Осыдан кейін дәрігерлер белгілі бір заңдылықтарды анықтау үшін бірінші топтағы қатысушылардың хромосомаларын талдаған.

Зерттеу нәтижесінде II қан тобындағы адамдардың инсультпен ауыру қаупі 16 пайыз екені, III қан тобының тасымалдаушылары бұл аурумен ауыруға бейім екені, I қан тобындағы адамдардың жұқтыру дерегі 12 пайыз екені анықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова