"Ертең 1-і, халқым". TikTok-та оқу жылы қалай әзілге айналды?

"Ертең 1-і, халқым". TikTok-та оқу жылы қалай әзілге айналды?

Жаңа оқу жылы басталғалы жатыр. Желіде 1 қыркүйекке арналған видеолар көп қаралым жинап жатыр. Massaget.kz TikTok-тағы 1 қыркүйекке арналған трендтерге шолу жасады.

TikTok қолданушылар оқу қарсаңында жаңа трендке видео түсіріп бастады. Мысалы, "Алты жасар Алпамыс" киносының үзіндісі желіде тарап, 1,5 миллионнан аса қаралым, 41 мың лайк жинаған. 

Желі қолданушылар мектепті неше жыл бұрын бітіргендерін еске алып, пікір қалдырған. 

@erlan_708 #қазақбалаларкиносы,#алтыжасаралпамыс#алпамыс#қалиқан ♬ оригинальный звук - ?????

"Мектеп бітіргеніме 31 жыл болыпты", "Ертең 31-і, халқым", "Біздің үйде де бір Әлихан бар", "1 қыркүйекте бас қату басталады", - деп жазған пікір білдірушілер.

Бұдан басқа, TikTok-та оқушылардың тренді де көп қаралым жинап жатыр. Мысалы "1 қыркүйекте өз сыныбыңа кіргенде" деген тренд 177 мыңнан аса қаралым жинаған. Ал осындай дауысқа видео түсіргендердің саны 179-ға жетті. 

@sancho.yo #Sanchowotop #мем #GenshinTeleport #рек #fyp #рекомендации ♬ оригинальный звук - NURTAS.TT
@kuralaii02 2 күннен сабақ дайынсыңдарма?Мектепті сағынғандар барма?#скулл #школа #elbruso #rge #on #рекfypシ゚ ♬ оригинальный звук - NURTAS.TT

Жазда бәрін ұмытып қалған оқушылар да трендтен қалар емес. 

@adn4ik

?? | inst: adn1604⚜️

♬ оригинальный звук - Сваты
@lazzat_tasstanova

БІЛІМ КҮНІ құтты болсын жандарым! Мектепте осылай отқандар барма??

♬ оригінальний звук - svattioffan

Жазда демалуға үйреніп қалған оқушылар жаздың тез өтіп кеткеніне сенбей, TikTok-та түрлі қызық видеолар жариялап жатыр. 

@mansar_million_tiktok #рек#GenshinTeleport #fupシ #fur ♬ оригинальный звук - Мансар Орынхан??
@youketis Звук вайбовый #youketis #рек #вв #1сентября ♬ оригинальный звук - youketis

Ата-аналар да білім күніне тренд түсіріп, TikTok-та көп қаралым жинап жатыр. Мысалы, мына видеода "Үй жұмысын жырту басталды" делінген. 

@zulpihanova.a

Үй жұмысын жыртатын мамаларға жібер???

♬ оригинальный звук - ??

Білім күні қарсаңында тек гүл сататын дүкендер ғана емес, сонымен қатар, шаштараз, мектеп маңындағы дүкен мен мектептегі асханада да келушілер көбейеді. Желіде осыған байланысты қызық видеолар тарап жатыр. 

"Барлық шаштараз 1 қыркүйекте", - делінген видеода. 

@tamer_ez жиза #мем #тикток #моргенштерн #жиза ♬ оригинальный звук - тамер

"Гүл сататын апайлар да", "Дәптер сататын апайлар", "Мектептегі асхана "сенің деңгейің емес" деп тұр ғой", "Менің әпкем осылай 2 күнде байып кетеді", - деп жазған пікір білдірушілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек