Бала күтіміне байланысты төлем мерзімі ұзарды

Бала күтіміне байланысты төлем мерзімі ұзарды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемді 1,5 жылға дейін ұзартуды тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімін 1,5 жылға дейін ұзартамыз. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмысынан айырылғаны үшін төлемдер орташа айлық табыстың 45 пайызына дейін өседі. Бұл олардың жұмысқа оңай әрі жылдам оралуына көмектеседі", - деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек