Тоқаев Қазақстанның айрықша міндетін айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның алдында тұрған айрықша міндеттерді айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Саяси реформалар "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым - қоғамымыздың мызғымас тұғыры.

Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні - осы.

Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл - еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.

Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы - берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында Қазақстан халқына Жолдау жасап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!