"2-3 пайыз мөлшерлемемен". Елде оқуға берілетін жаңа кредит пайда болады

"2-3 пайыз мөлшерлемемен". Елде оқуға берілетін жаңа кредит пайда болады
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда оқуға жылдық 2-3 пайыз жеңілдікпен кредиттер берілетін болады. Бұл турлы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президенттің сөзінше, отандық жоғары оқу орындары сапасының артуына қарай оларда оқу құны да өсетін болады.

"Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, олар ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Оқуға жылдық 2-3 пайыз жеңілдікпен кредиттер берілетін болады. Көрсетілген шаралар жоғары білімді неғұрлым қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамда әріптестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады", - деді Тоқаев. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина