Төреғали Төреәлінің әрекеті жұртты елжіретті

Төреғали Төреәлінің әрекеті жұртты елжіретті
Фото: Видео кадры

Төреғали Төреәлі анасына ән арнап, жұртты елжіретті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында айтты. Әннің сөзін Жандарбек Бұлғақов, әуенін Ерген Айтымбетов жазған. 

"Ассалаумағалейкум ағайын!
Менің анамды туған күнімен құттықтап, әкем екеуіне ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеңіздерші!

Жандарбек Бұлғақовтың сөзіне жазылған, Ерген Айтымбетовтың тамаша әнін анашымның құрметіне тарту еттім", - делінген видео жазбасында.

Видеода Төреғали Төреәлі тек ән арнап қоймай, сонымен қатар, анасына бірнеше қызыл раушан бергені көрінеді. 

"Ардақты ағайын, мейрам деп жатқаным - сүйікті анамның туған күні. 30 тамыз - Ата заң күні, 31 тамыз - Апажан күні", - деді әнші видеосында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

Әншінің анасын туған күнімен құттықтап жатқан видеоға Серік Ибрагимов, Сәкен Майғазиев, Мирбек Атабеков, Жеңіс Ысқақова пікір білдірген. 

"Құтты болсын. Жәннәтың асқар тауыңмен ұзақ ғұмыр кешсін", "Ақ жездем мен аппақ әпкетайым жүзге жетсін, ақ Төреш", "Аяш апаның туған күні болсын, ғұмыры ұзақ болсын", "Міне, ана бақыты деген осы. Ақ ананың туған күні құтты болсын! Қосағымен қоса ағарсын, сендердің қуанышың мен бақытыңа бөленіп жүре берсін! Мына видеоны көріп, қуаныштан көзіме жас үйірілді", - деп жазған олар. 

Бұдан басқа, желі қолданушылары жылы лебіздерін айтып, пікір қалдырған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек