"Ер адамды ұстап қалу курстарын жариялайды". Алуа Қонарова блогерлерді сынады

Продюсер Алуа Қонарова Instagram-парақшасында блогерлерді сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алуа Қонарова Instagram-парақшасында курс өткізетін блогерлерді сынға алды. Ол адамдардың мұндай курстарға ақша төлеуге дайын екеніне таңғалды. 

"Қазір тек бал өмірін көрсететін және миллиондаған оқырмандары бар түсініксіз блогер көп.

Тек суреттер, рилстар, түрлі демалыс орындарынан стористер, қымбат, бренд киімдерді, жаңа ұялы телефондарды немесе әшекейлерді көрсетеді. Әдетте, жазбада осы бал, алтын, VIP өміріне қандай қиындықпен жеткенін жазып, ақша жинаудың алдында аудиториясын "қыздырады", - дейді продюсер. 

Оның айтуынша, сол ақшаға шетелде демалуға ақша жинаса немесе Грузияға тур сатып алса болар еді. 

Кейін "бай болудың жолдары/күйеуге шығу/сиқырлы жаттығулар арқылы ер адамды ұстап қалу" курстарын жариялайды. Адамдар осыған алданып, ақша төлейді. Неге? Сол ақшаны шетелге бару үшін билетке жинап қойсаңыз ғой, ал тағы бір курсқа қатысқанша, Грузияға тур сатып алсаңыз. Жоқ дегенде, кітап, тіл үйрену курстарын сатып алыңыз.

Әлде, мен бір нәрсені түсінбей жүрмін бе?" - дейді продюсер. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!