Бүгін 6 өңірде ыстық болады

Бүгін 6 өңірде ыстық болады

Қазақстанда 1 қыркүйекте 6 өңірде ыстық болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазгидромет мәліметінше, 1 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде бұлтты және құрғақ ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова