Желіде ер адамның жанжал кезінде әйелге қол жұмсаған видеосы тарады

Желіде ер адамның жанжал кезінде әйелге қол жұмсаған видеосы тарады
Фото: Видео кадры

Желіде ер адамның жанжал кезінде әйелге қол жұмсаған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Видео asshotobozhaet Telegram-арнасында жарияланды. 

Алматы облысының Полиция департаменті оқиға биыл 29 тамызда Қонаев қаласындағы "Алтын-Алма" саяжай кооперативінің аумағында болғанын хабарлады.

Жанжал ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі жеке ұйымның қызметкері мен тұрғындар арасында болған. Кейін жанжал күш көрсетуге ұласқан. Нәтижесінде 60 жастағы тұрғын Орталық қалалық ауруханаға жатқызылды.

Бұл іс Қонаев қаласының полиция басқармасында тіркелді. Қазір барлық қажет шаралар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек