"Сыңары сияқты". Комик Нұрлан Сабуровтан аумайтын жігіт жұртты тәнті етті

"Сыңары сияқты". Комик Нұрлан Сабуровтан аумайтын жігіт жұртты тәнті етті
Фото: Видео кадрлары

Қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың "сыңары" желі қолданушыларын таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok желісінде Сабуровтың "сыңарының" видеосы тарап жатыр. Кадрларда Сабуровтың өзі әділ қазылар құрамында отырғанын көруге болады. Кейін сахнаға қазақстандық әзілкешке ұқсайтын адам шығады. Видеода "Сабуровтың сыңары" деп сипаттама жазылған. 

@pxswodniw #Сабуров #Откытый ♬ оригинальный звук - pxswodniw

Желі қолданушыларының пікірі қақ жарылған. Бірі Сабуровқа ұқсатса, басқа бірі екеуі мүлде ұқсамайтынын жазып жатыр. 

"Даусы мен стилі ұқсайды", "Дауыс тембрі бірдей", "Азиаттарға ұқсамайтын шығар, славяндарға егіз сияқты", "Тіпті сөйлеудің керегі жоқ, бірден күліп жатыр", "Мүлде ұқсамайды, екі түрлі адам". "Ұқсамайды ғой", "Костюм киген кез келген азиатты Сабуровтың сыңары дей береміз бе?", - деп жазған желідегілер. 

Бұл видео ТНТ телеарнасындағы "Открытый микрофон" шоуының 7-маусымынан алынған. Онда жүргізуші қатысушыны Кубат деп таныстырады. 25 жастағы Кубат Мәскеу тұрғыны екені айтылған. 

Ал Нұрлан Сабуровтың өзі Кубат екеуі ұқсамайтынын, әзіл аздау болғанын айтып, қатысушыны "күту бөлмесіне" жіберді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Төлеш