"Сені күтеміз, бауырым". Қорғаныс министрлігі өкілі әскерге шақырған ерекше видеоға пікір білдірді

"Сені күтеміз, бауырым". Қорғаныс министрлігі өкілі әскерге шақырған ерекше видеоға пікір білдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде әскери қызметшілер трендтегі билерді билеген видео танымал бола бастады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle

TikTok-та үш жігіт түрлі жерде билейтін видео пайда болды. Олар алдымен саябақта, содан кейін авиатехника маңындағы әскери бөлім аумағында билейді. Олар 24 секундтық роликте киімдерін үш рет ауыстырып үлгерген. Видео "Сені күтеміз, бауырым", - деп аяқталады.

@qazaq_army Ждем тебя, брат! #QazaqArmy #KazakArmy #ҚазақӘскері #modgovkz #Армия #ВСРК #Казахстан #Қазақ #ОтанҚорғау #ЗащитникОтечества #ВооруженныеСилы ♬ оригинальный звук - QazaqArmy

"Әскери комиссариатқа шақырудың қызық нұсқасы", "Жақсы ұсыныс, бірақ керемет билеп жатсыздар", "Керемет, жігіттер, аман болыңдар", - деп жазып жатыр Желі қолданушылары.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, видеода биыл көктемде мерзімді қызметке шақырылған әскери қызметшілер билеп жатыр. Ортасында - Әділбай Нұрболат. Артында - Әділ Биділдаев пен Арман Сайдуллаев.

20-22 жастағы жігіттер видеоны өздері түсірген әрі бөлім қолбасшылығына осындай ұсыныспен жүгінген.

Видеодағы жігіттер Алматы облысында, Қазақстан Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімінде мерзімді қызмет атқарып жатыр.

"Қазір жігіттер оқу орталығында, онда тиісті білім алып, мамандық игереді. Қалған алты айда олар басқа әскери бөлімдерде болады. Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін өздері қаласа, келісімшарт бойынша қалады немесе әскери оқу орындарына түседі. Олар қандай да бір азаматтық мамандық бойынша жұмыс істеуі мүмкін", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі әлеуметтік желі қолданушыларынан келіп жатқан пікірлер жағымды екенін айтты.

"Жігіттер өздері видео түсіруді ұйғарды, бұл - олардың бастамасы", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова