"Айғайлама!" Балаңыз айтқан сөзді тыңдасын десеңіз...

"Айғайлама!" Балаңыз айтқан сөзді тыңдасын десеңіз...

Кейде ең сабырлы бала да қыңыр мінезін көрсетеді. Бұл - баланың қалыпты өсу процесі, осылайша бала дамып, түрлі мінез-қылықтарын көрсетеді. Егер балаңыз айтқанды тыңдамай бастаса, қалай сөйлесу керегін ойланыңыз. Greatpictures.org баланың тілін табу туралы ата-анаға арналған кеңестер топтамасын ұсынады. 

"Өтінемін, тыныштал"

Дұрыс емес: "Айғайлама!" немесе "сабыр сақта!"

Дұрыс: "Алдымен тыныштал, сосын сөйле" (сыбырлап айтыңыз) немесе "Мен сенің ән айтқаныңды жақсы көремін, бірақ қатты дауыстап айту үшін сыртқа немесе ойын бөлмесіне шығу керек".

Түсініктеме: Кейбір балалар басқаларға қарағанда дауыстап сөйлейді. Басқаларға кедергі жасамау үшін қайда дауыстап сөйлеуге болатынын сыбырлап айтыңыз. Көзге тіке қарап сыбырлау - балаларды тыңдатудың керемет тиімді әдісі.

"Өзіңді және басқаларды құрметте"

Дұрыс емес: "Жақсы адам болуға тырыс".

Дұрыс: "Жүйкеңе тиіп тұрса да, өзіңді және басқаларды құрметтеуді ұмытпа".

Түсініктеме: Нақтылап айтыңыз, өйткені балалар көбіне түсінбейді. Нені қалайтыныңызды сұраңыз және нені есте сақтау маңызды екенін қайталаңыз.

"Жылап ал, мен қасыңдамын"

Дұрыс емес: "Бала болма" немесе "жылама".

Дұрыс: "Көңіл күйдің болмауы - қалыпты жағдай. Көмегім керек болса, әрқашан жаныңдамын. Өзіңе күтім жасаудың жолын таба алатыныңды білемін".

Түсініктеме: Балалар жылап жатқанда тоқтатуға асықпаңыз. Оларға өздерін жеңе алатындығын үйретіңіз,  солай олар өзін-өзі бағалай бастайды.

"Мен саған сенемін және сені қолдаймын"

Дұрыс емес: "Өзім жасай саламын" немесе "Неге мұны сенің орныңа істеуім керек?"

Дұрыс: "Саған қаншалықты қиын екенін түсінемін және оны жеңе алатыныңа сенемін. Жағдайды қалай дұрыс шешуге болатыны туралы идеялар қажет болса, мен жаныңдамын".

Түсініктеме: Балаларды жетістікке жетелеу маңызды. Олар өздеріне жауап бере алуы, проблемаларын шешуі және қабілетті екеніне сенімді болуы керек. Көбіне құтқарудан гөрі қолдау шыдамдылықты қажет етеді, бірақ ол балалардың өзін-өзі бағалауы мен ішкі мотивациясын қалыптастырады!

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек