"Үй тапсырмасын орындағым келмейді". Ата-ана не істеуі керек?

"Үй тапсырмасын орындағым келмейді". Ата-ана не істеуі керек?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бала үй тапсырмасын орындағысы келмесе, ең алдымен, неге орындағысы келмейтінін анықтау керек. Бұл туралы skysmart_parents Instagram-парақшасында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бала үй тапсырмасын орындағысы келмейтін бірнеше себеп бар:

- Балада көп тапсырма болса, оның үй тапсырмасын орындауға жеткілікті күші болмайды;

- Тапсырма деңгей бойынша таңдалмаған болса, оған тым күрделі немесе қарапайым болып көрінсе;

- Белгілі бір мақсат болмау.

Әдетте бала үй тапсырмасын орындау оған не үшін қажетін түсінбей жатады. Бұл орайда мотивацияны арттыруға көмектесетін әдістер бар. Бірақ бұл техникаларды бала неліктен үй тапсырмасын орындағысы келмейтініне байланысты таңдаған дұрыс.

"Саты" әдісі

Балалар бірден жақсы көрсеткішке жеткісі келеді, тереңірек ойланғысы келмейді. Үй тапсырмасын орындаса, "қолжетпес нәрсені алып беремін" деп уәде еткеннің орнына есейгенде, білімнің қандай пайдасы тиерін түсіндіру қажет.

Мысалы, "үй тапсырмасын тұрақты түрде орындасаң, 15 жылдан кейін мықты стартапер боласың" деу қате. Оның орнына "бағдарламалау бойынша курстан өт, үш күннен кейін өз ойыныңды құрастыра алатын мүмкіндікке ие боласың" деу қажет.

"Қызанақ" әдісі

Үй тапсырмасына ұзақ уақыт жұмсау дұрыс емес, одан да ештеңеге алаңдамай, жарты сағат уақыт бөлсе, жүйелі нәтиже болады. "Қызанақ" әдісінің мәні де осында. 25 минут бойы бала үй тапсырмасын орындайды, кейін үзіліс алады, содан соң тағы 25 минут дайындалады. Дәл осы әдіс бірнеше қосымшаға қатысатын балаларға таптырмас әдіс, өйткені көп жағдайда бала назарын тек бір бағытта аудара алмай жатады.

Мысалы, "физиканы тезірек орында, әлі шығарма жазуың керек, ағылшыннан сөз жаттауың қажет" деу дұрыс емес. Бұлай деудің орнына "сенімен мақтанамын, физиканы 25 минутта орындап үлгердің, бір қызанақ, есесіне кешке демаласың, басқа пәндерден де осылай істей аласың ба?" деу қажет.

"Гирлянда" әдісі

Тағы бір әдіс қағазды бірнеше бөлікке бөлу арқылы орындалады. Қандай жетістікке жеткісі келеді? Осы мақсаттар туралы айту керек. Әр жетістікті (бала жаттаған 10 сөз, меңгерілген грамматикалық тақырып, жақсы баға) қағазға жазып, араларын жабыстырып отыру керек. Гирлянданы түрлі-түсті етіп жасауға, оны бірнеше бөлікке бөлуге болады: "мектеп", "секция", "математика", "оқылым", "ағылшын". 

Мысалы, "мақтау қағазын алсаң, жаңа телефон алып беремін" дегеннен гөрі "бағаңды жақсартуға тырыс. Бұл мақсатқа жету жолында жетістіктер қандай бөліктерден тұрады? Жетістігің үшін қандай марапат алғың келер еді?" деу қажет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова