Тоқаев Қостанай облысына барады

Тоқаев Қостанай облысына барады
Фото: Фото:t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйекте Қостанай облысына барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады", - деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан